Женевада АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер аяқталды

АСТАНА. KAZINFORM — Тегеранның ядролық бағдарламасына арналған келіссөздердің үшінші раунды Женевадағы Оман елшісінің резиденциясында ұйымдастырылды және жанама түрде өтті, деп хабарлайды ВВС.

Женевада АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер аяқталды
Фото: ИРНА

Женевадағы келіссөздерге АҚШ атынан Америка президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер қатысты. Алдыңғы раундтар айтарлықтай серпіліс әкелмеген еді, дегенмен Иран өкілдері белгілі бір ілгерілеу бар екенін айтқан. Қазіргі консультациялар қорытындысы бойынша да келіссөздерге делдал болып отырған Оман прогресс бар екенін мәлімдеді.

«Біз АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерде елеулі ілгерілеуге қол жеткізіп, күнді аяқтадық», деді Оманның Сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаиди.

Оның айтуынша, келесі аптада Венада техникалық деңгейдегі келіссөздер өтеді.

Келіссөздер жанама түрде өтті және Женевадағы Оман елшісінің резиденциясында ұйымдастырылды. Олар бірнеше сағаттық үзіліспен күні бойы жалғасты.

Кездесу аяқталар алдында Axios басылымының тілшісі Барак Равид дереккөзге сілтеме жасап, Уиткофф пен Кушнердің келіссөздердің таңғы сессиясында ирандықтардан естіген мәліметтеріне көңілдері толмағанын хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер басталып, үзіліс жариялан еді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум