Жеңіл және атыс қаруларының заңсыз таралымы адам өліміне әкеліп, тұрақтылыққа әлеуетті қауіп төндіреді - Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы басшысы

Ы. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда "Орталық Азиядағы жеңіл және атыс қаруларының заңсыз айналымымен күрес" деп аталатын 2 күндік халықаралық семинар өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

ЕҚЫҰ-ның Әскери-саяси өлшем тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары жоспарына сәйкес өтіп жатқан бұл шараны ҚР Қорғаныс министрлігі мен Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы ұйымдастырып отыр. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан елдерінің құзырлы орындарының өкілдері мен ЕҚЫҰ, БҰҰ, Small Arms Survey және Saferworld сияқты халықаралық ұйымдардың қызметкерлері қатысуда.

"Бұл біздің Қазақстаның ЕҚЫҰ төрағалығы кезінде ҚР Қорғаныс министрлігімен бірлесіп биылғы жылды аяқтайтын шарамыз. Оның тақырыбы кездейсоқ таңдап алынған жоқ. Бұл сауал баршамызға өзекті. Жеңіл және атыс қаруларының заңсыз таралымы адам өліміне әкеліп, тұрақтылыққа әлеуетті қауіп төндіреді. Оған бақылау жасау қайшылықтардың алдын алуда және одан кейінгі сауықтырудың маңызды факторы", дейді Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы басшысы Александр Кельчевский.

Соңғы жаңалықтар