Жеңіл-желпі жол ережесін бұзғандарға айыппұл көлемі төмендетілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жол ережесін жеңіл-желпі бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі төмендетіледі. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
None
None

«Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Әділет министрлігімен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, әкімшілік заңнаманы одан ары ізгілендіру бойынша шаралар әзірленуде. Бүгінгі күні ведомствоаралық жұмыс тобы жол қозғалысы саласындағы жеңіл-желпі әкімшілік құқық бұзушылықтың 14 құрамы бойынша айыппұлды төмендету ұсынысын әзірледі. Айта кетерлігі, жол-көлік апатының негізгі себептері саналатын Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуларға қатысты айыппұлдарды төмендету жоспарланып отырған жоқ», - деп жазды Алмас Садубаев.

Соңғы жаңалықтар