13:38, 20 Мамыр 2022 | GMT +5
Жеңілдетілген автонесиемен алғашқы клиент көлік алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін жеңілдетілген автонесиемен көлік алған алғашқы клиенттің кім екені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол елорда тұрғыны Бекзат Тілеген. Бекзаттың мамандығы инженер. Ол 6,5 млн теңгеге 4 пайызбен көлік алды.
Еске сала кетсек, жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдау 16 мамырда басталған болатын. Өтінімді екінші деңгейлі үш банк қабылдап жатыр.
Осыған дейін жеңілдетілген автонесие алуға ниет білдірген 4 290 азаматтың өтініші мақұлданғаны хабарланды.