Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы WBC, WBA, WBO бұрынғы чемпионымен жұдырықтасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Әбілхайыр Шегалиев (8-0-1, 4 КО) өзінің келесі жекпе-жегін Мәскеуде 16 қыркүйекте өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы WBC, WBA, WBO бұрынғы чемпионымен жұдырықтасады

Шегалиевтің қарсыласы осы жылдың ақпан айында қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановпен (17-0, 10 КО) жұдырықтасқан танымал ресейлік боксшы Андрей Сироткин (20-2-1, 7 КО) болмақ. Ол айқаста Нұрсұлтанов бесінші раундта мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Өз мансабында Сироткин үш бокс ұйымының екінші дәрежелі чемпиондық белбеулерінің, яғни WBC ABC Continental, WBA Inter-Continental, WBA Asia, WBO European титулдарына ие болды. Андрей Сироткин өзінің соңғы жекпе-жегін сәуір айында өткізді. Онда ол Беларусь спортшысы Виктор Мурашкинді (4-3, 3 КО) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді.

Әбілхайыр Шегалиевке келетін болсақ, қазақстандық спортшы ақпан айында ресейлік Манук Диланянмен (12-9-2, 5 КО) жекпе-жек өткізді. Айқас тең нәтижемен аяқталды.



Фото: sports.kz