Жеңіс күні аясында Қазақстанда 400-ге жуық шара өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҰОС Жеңістің 72 жылдығын мерекелеу аясында, жергілікті атқарушы органдар тарапы ардагерлерге қолдау көрсету мен ардақтау тұрғысында шаралар жоспарын әзірлеп, оның аясында ел бойынша 400-дей іс-шара өткізілді.
None
None

Нақтырақ айтсақ, Қазақстан аймақтарында еске алу акциялары, ескерткіштерді қалпына келтіру бойынша «Мәңгілік алау», әскерге шақырылған жастар мен әскери қызметкерлердің, еріктілер қозғалыстары өкілдерінің ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетуі тұрғысында «25 игі іс», «Мейірім эстафетасы», «Ардағым ардагерім», ҰОС басталғанына 76 жыл болғанына байланысты «Тағзым шырағы», ардагерлердің қатысуымен ағаш отырғызуды қамтитын «Бейбітшілік ағашы», «Жаужүрек полк» шаралары, «Есте сақтаймыз! Мақтан тұтамыз» фотокөрмесі, спорттың қолданбалы түрлерінен қойылымдар, ҰОС қаһармандарын насихаттау кештері, мұражайларға тақырыптық саяхаттар және басқа да қоғамдық маңызды шаралар өткізілді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда елімізде 2 776 - Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер, 157 679  - ҰОС жылдарында тылда жұмыс істегендер, 194 - қоршауда болған Ленинград қаласында жұмыс істегендер, 487  - кәмелетке толмаған кездерінде концлагерьлерде, гетто және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарында болғандар, 7 806 - қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдері, 80 - ҰОС кезіндегі әскери қызметкерлер, партизандар, астыртын жұмыс істегендер, қайтыс болғандардың (із-түссіз жоғалып кеткендер) қайта үйленбеген жұбайлары, өзге де Жеңіске үлес қосқан санаттардан 778 азамат өмір сүріп жатыр.

2015 жылдың 29 қазанында Мемлекет басшысы қол қойған ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»» Заңында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің міндетті түрде жұмыспен қамту шараларына белсенді қатысу талабымен, әрбір мүшесіне санағанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бүгінде - 40%) 50 пайызынан төмен отбасыға, атаулы әлеуметтік көмекті (әрі қарай - АӘК) көрсетудің жаңа тәртібін енгізу қарастырылған. Олар қазіргі іс жүзіндегі келесі қағидалардың орнына ұсынылмақ:

- көпбалалы отбасыларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (әрі қарай - АМЖ);

- аз қамтылған отбасыларға арналған 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысы;

- аз қамтылған үй шаруашылығына берілетін атаулы әлеуметтік көмек.

«Жаңа сипаттағы АӘК жаңа үлгіде шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді.

Шартсыз ақшалай көмек, құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға (мәселен қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасылардан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасыға әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі.

Әлеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып, тараптар өзара жауапкершілікті мойындарына алады: әлеуметтік қызметтер жұмыспен қамту шараларын қарастырып, жәрдемақы төлесе, отбасының еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына жауапкершілікпен қатысады.

Соңғы жаңалықтар