13:51, 08 Мамыр 2009 | GMT +5
Жеңіс күнін жақындатуға тыл еңбеккерлері де өлшеусіз үлес қосты
ОРАЛ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Жеңіс күнін жақындатуға тыл еңбеккерлері де өлшеусіз үлес қосты.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өткен «Жеңіске жетер жолда» атты кездесуде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қаладағы балалар үйлері тәрбиеленушілерімен өткен жүздесуде М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, фольклоршы Айсұлу Бисенғалиева соғыс кезіндегі қиын күндерден сыр шертті. Кездесуге мұражайдан орын алған ардагерлер Есбол Абдушев, Берік Есенғалиевтің туыстары, Нормандия-Неман әуе полкінің механигі, Францияның құрметті легион орденінің иегері, 91 жастағы Николай Ветров та қатысты.
Кеште оқушылар аға ұрпақ өкілдеріне ризашылығын білдіріп, өз өнерлерін көрсетті.