16:03, 07 Мамыр 2009 | GMT +5
Жеңіс күніне арналған жеңілатлетикалық эстафета өтті ? Петропавл
ПЕТРОПАВЛ. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлда Жеңіс күніне арналған жеңілатлетикалық эстафета өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Эстафетаға қалалық 25 мектеп пен алты колледждің, сондай-ақ тоғыз еңбек ұжымының өкілдері қатысты, олардың арасында өнеркәсіп кәсіпорындарының, ұйымдардың, қалалық әкімдіктің командалары бар.Жарыс 10 кезеңде өтті. Әрбір қатысушы 150-ден 300 метрге дейін қашықтықты жүгіріп өтуге тиіс болды, жалпы қашықтық ? 2 500 метр.Жарыс барысында орта оқу орындары арасында №14 мектептің, колледждерден ? Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің құрамалары жеңіске жетті. Еңбек ұжымдарының арасында «Қазақтелеком» АҚ облыстық филиалының желаяқтары жеңіс тұғырынан көрінді. Эстафетаның жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, грамоталармен, вымпелдермен және сыйлықтармен марапатталды.