Жеңіс тойы қарсаңында бірде-бір ардагер назардан тыс қалмайды - Павлодар

деп хабарлады облыс орталығының әкімі Бақытжан Жоламанов есеп беру баяндамасында.
Мүгедектерді, соғыс ардагерлерін, қаза тапқан, қайтыс болған және із-түзсіз жоғалған жауынгерлердің жесірлерін материалдық қолдауға және оларға сыйлықтар жасауға қала бюджетінен қаржы бөлініп отыр.
«Ленинградты қорғағаны үшін» және «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбектері үшін» медальдарымен марапатталған 6,7 мың азаматқа, тыл еңбеккерлеріне, концлагерьлер мен гетто тұтқындарына бірреттік ақшалай көмек көрсетіледі.
Жеңіс тойына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен майданда қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне облыстық бюджет қаражатының есебінен 65 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек беріледі.
Биыл қала бюджетінде сондай-а, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген тұлғаларға дәрі-дәрмектер сатып алуға айсайынғы әлеуметтік жәрдемақылар қарастырылып отыр. Ал соғыс ардагерлеріне коммуналдық қызметтер бойынша берілетін жәрдемақы 4 айлық есептік көрсеткішті құрайтын болады.
Биыл Павлодарда ардагерлердің баспана жағдайын жақсарту мақсатында көппәтерлі тұрғын үй құрылысы басталады.