Жеңіс Тұяқов Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Жеңіс Тұяқов - Алматы облысының тумасы, 1967 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша экономика және құқық институтын және Алматы мемлекеттік медициналық институтын тәмамдаған.
Оның орталық және жергілікті атқарушы органдарда басқарушылық тәжірибесі мол.
Әртүрлі жылдары ҚР Энергетика министрлігінің департамент директоры болып жұмыс істеген, Қазақстанның бірнеше өңірінде атап айтқанда, Алматы, Жамбыл, Павлодар облыстары мен Алматы қаласының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында салалық құрылымдарды басқарған.
Сонымен қатар, энергетика саласындағы ұлттық компанияларда басшылық қызметтерді атқарған, соның ішінде Қазақстанның электр желілерін басқару компаниясының («KEGOC») басқарушы директоры болып жұмыс істеді.