Жеңісін тойламақ болған қақпашы өкініші кетпейтін қателікке ұрынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайландтағы аймақаралық лиганың матчында «Сатри Ангтхонг» футбол клубы өз қақпашыларының кесірінен «Бангкок Спортс Клаб» командасынан ұтылып қалды.
Бұл ойының видеосы SportsCenter Twitter-аккаунтыда жарияланды.
Пенальти сериясындағы есеп 19:19 болып тұрған-ды. Қарсылас команда ойыншысының тепкен добы қақпа маңдайшасына тиіп, кейін серпілген. Голкипер болса ойын бітті, жеңіске жеттік деп ойлап қақпадан атып шыққан. Өкінішке орай, жерге соғылып қайта көтерілген доп қақпадан бір-ақ шықты.
Бұдан кейінгі «Сатри Ангтхонг» футболшысының қате тепкен келесі соққысы матч тағдырын шешіп кетті.
Never, ever celebrate early. #SCNotTop10 pic.twitter.com/f6Ej9uGucn
— SportsCenter (@SportsCenter) 23 октября 2017 г.