ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ: Ақмолалық Батыр - Иван Павлович Воронин

КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Иван Воронин 1910 жылы 2 мамырда Ресейдің Сосновка селосында дүниеге келді. Кейін Ақмола облысының Атбасар ауданына қоныс аударған. Қызыл Армия қатарына 1932 жылы алынып, Қиыр Шығыста әскери борышын өтеді. Ол Ұлы Отан соғысында мотоатқыштар батальонының командирі болып, 1-ші Беларусь майданында ерлік көрсетті.
None
None

Капитан Иван Ворониннің танк батальоны Берлин үшін шайқаста жау ордасына ең алғашқылардың бірі болып кірді. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1945 жылдың 31 мамырында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Иван Павлович Воронин 1959 жылы майор шенінде запасқа шықты. Ол өмірінің соңына дейін Житомир қаласында тұрып, 1998 жылдың 30 маусымында дүниеден өтті.

Соңғы жаңалықтар