10:45, 31 Наурыз 2015 | GMT +5
ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ: Әнші Майра көкшетаулықтардың алдында ән салды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы облыстық филармонияда тыңдарманның жүрегіне жол тапқан танымал əнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Майра Нұркенованың Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған мерекелік əн кеші өтті.

Өнер кешіне облыс əкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов қатысып, жезтаңдай əншіге шығармашылық табыс тіледі. Кеш барысында көрермен əншінің репертуарындағы əндердің кəусарына қанды. Майра əнші «Егіз лебіз», «А напоследок я скажу», «Баллада о матери» сынды əндерді əуелете шырқап, көңіл толқынын шалқытты. Кеште әнші əр əннің тарихынан да баяндап отырды. Шығармашылық өмірінің қызығы мен шыжығын да əсерлі əңгімеледі. Әлбетте, əнсүйер қауым əншіге қол соғып, құрмет-қошеметін, ыстық ықыласын аямады.