13:18, 20 Қаңтар 2015 | GMT +5
«Жеңіске дейін жүз күн!» шарасы Павлодар ауданының барлық ауылында өтеді
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Жеңіске дейін жүз күн!» шарасы 29 қаңтарда ҰОС ардагері Илларион Сушков тұратын Мичурино ауылында басталады, деп хабарлады Павлодар ауданы әкімінің орынбасары Асқар Бахралинов. Бұл шара ауданның барлық 38 елді мекенін қамтиды.
А.Бахралиновтың сөзіне қарағанда, Жеңіс символы әр ауылда шамамен бір аптадан болады. Бұл кезде онда Жеңіс күніне арналған шаралар өтеді. Акцияның соңғы күнінде әр ауылдық округта отшашу болады. «Жеңіске дейін жүз күн!» шарасы 9 мамырда Новочерноярка ауылында аяқталады.
Ауданда 156 ардагер мен оларға теңестірілгендер бар. Оларға әлеуметтік төлемдер төленеді. Қалағандары санаториялық-курорттық емделуге жолдамалармен қамтамасыз етіледі.