ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКІЗГЕНДЕРІМІЗ: Ұстаздан взвод командиріне айналған Боқанбай Медешов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Уақыт өтiп барады. Кейде қайырылып қарар мiнез танытпаған, қайырымсыз уақытқа: «Ей, зырылдаған күндер, тоқтаңдар! Маған өткендi қайтарыңдар» дегiм келетiнi бар. Өйткенi ол «өткен» iшiнде талай ауыртпалықты арқалай жүрiп, азаматтық, адалдық деген асыл қасиеттерiн жоғалтпаған жан әкемнiң өнегелi өмiрi бар едi.Кешегi Ұлы Отан соғысында туған топырағын жау тырнағынан тайсалмай қорғаған, от болып жалындап, еселi еңбек етiп өнегелi iз қалдырған аяулы азаматтардың бiрi, менiң әкем Жаңажол ауылының тумасы Медешов Боқанбай едi.
None
None

Ауылдағы көп баланың бiрi болып қалмай алдына арман-мақсат қойып 1935 жылы Қазалыда маңызды оқу орны болып саналатын ФЗУ-да оқып вагон слесарi мамандығын алса, 1936 жылдары Қызылорда қаласындағы педагогикалық училищесiнде оқып мұғалiм мамандығы бойынша тәмамдаған ол Төретам қыстағының балаларына бастауыш мектептiң ашылуына ықпал етедi. 1936-1939 жылдары Төретам қыстағында өзi бас болып ашылған №69 бастауыш /қазiргi №80-шi мектептiң негiзi/ мектептiң алғашқы меңгерушiсi және мұғалiмi болып қызмет атқарды. Шәкiрттерiн бiлiм нәрiмен сусындатқан жылдар да өте шығады. 1939 жылы Отан алдындағы борышын өтеуге шақырылып, артынша басталып кеткен зұлмат соғысқа араласып кетедi.

1941 жылдың шiлдесiнде майданға аттанған Боқанбай Медешов Ұлы Отан соғысы жылдарында қолына қару алып жауын жеңбей қайтпайтын қақарлы жеңiс жауынгерiне айналды. Ол 1-шi Украин майданында 133 дивизияның 631 атқыштар полкiнде автоматшы, барлаушы, взвод командирi болып талай батылдығымен көзге түседi. Небiр ауыр шайқастарды бастан өткерiп, Вязма, Смоленск, Минск, Киев, Житомир, Львов, Тернополь, Подольск сияқты қалаларды жаудан босатуға қатысты. Днепр өзенiнен өту кезiндегi ең үлкен қанды шайқаста да ерекше ерлiгiмен көзге түстi. Ал Карпат тауындағы жау қолындағы 680 метр биiктiктi азат ету жорығында ерен ерлiктiң үлгiсiн көрсеттi. Командирi оққа ұшқан соң тiрi қалған жауынгерлерге өзi басшылық жасап, өрге қарай ептiлiкпен өрлей отырып немiс дзотын қиратып, биiктiктен фашистердi қуып шығады. Мұз жастанып, қар төсенген жауынгерлiк жорығында ол Украинаның Хатын қаласын, Еуропаның Польша, Венгрия, Румыния секiлдi елдерiн фашистiк басқыншылардан азат етуге, Алмания жерiнде фашистердi талқандауға қатысты. Жаумен шайқаста екi рет ауыр жараланса да, майдан даласын тастамады. Қанды қырғынның басынан аяғына дейiн қатысқан әкем омырауына жауынгерлiк «Қызыл Ту», «I дәрежелi Отан соғысы» ордендерiн, бiрнеше медаль секiлдi жоғары мемлекеттiк наградаларды тағып, 1945 жылдың қазан айында елге оралды. Соғыс жылдары Бас Қолбасшы Сталиннiң Алғыстарымен 4 рет және 1-шi Украин майданының қолбасшысы, Кеңес Одағының маршалы И.Коневтың «Благодарственная грамотасымен» марапатталды. Отан қорғауда асқан ерлiктiң үлгiсiн көрсеткен Б. Медешовті сол жылдары халқы мақтан тұтып, ал билiктегiлер болса батыр азаматқа түрлi қызмет тiзгiнiн ұсынды. Бiрақ Бөкең лауазымға қызықпай өзiнiң ұстаздық жолын ары қарай жалғастыруды парыз санады. Осылай ол облыстық бiлiм басқармасы меңгерушiсiнiң бұйрығымен Қармақшы ауданы орталығында орналасқан «Октябрьдiң 18 жылдығы» атындағы балалар үйiнiң директоры қызметiне жұмысқа кiрiседi. Бұл балалар үйiнде қазақ балаларымен қатар, соғыстың тақсiретiн тартқан сол жылдары әкелiнген орыс, грузин, шешен, грек, украин, қарашай, кәрiс т.б. ұлт өкiлдерiнiң жетiм балалары тәрбиеленетiн. әкем олардың барлығының ер жетiп, аяқтануына, жұмысқа тұрып, үйлi-баранды болуына дейiн көмегiн аямай, қолғабысын бердi. Сол себептi есейiп кетсе де бiздiң әкемiздi олар да осы кезге дейiн «әке» деп атап келген. Мұның өзi ол кiсiнiң шапағатқа толы мейiрiмi мен қызметке деген адалдығы болса керек. Әке орнына әке болып, тағдыр тәлкегiне ұшыраған қорғансыз сәби жүректерге жылу берiп, азамат қатарына қосқан үлкен мәрттiгi үшiн әке рухы алдында бас иемiн. 1951 жылы Қармақшы ауданындағы бiрнеше шаруашылық түрле¬рiнiң басын қосқан «Промкомбинат» директорлығына тағайындалып, бұл қызметтi 19 жыл абыроймен атқарды. Әрбiр iстi тиянақты, тындырымды жасай бiлетiн бiлiктi басшыға осылай аумақты салаларды көтеру жүктелдi. Әкемiздiң басшылығымен 10-нан астам әр түрлi ұлт өкiл¬дерi бар бұл үлкен ұжым жұмысшы, қызмет¬керлерi ауызбiршiлiкте, сыйластық, бiрлiкте қызмет атқарып, ауданның әл-ау¬қатының өсуiне өз үлестерiн қосқан. 1969 жылдың 4 қаңтарынан ол халық депутаттары Жосалы поселкелiк Советi атқару ко¬митетiнiң төрағасы, 1975 жылдан 1980 жылдың 31 шiлдесiне дейiн, зейнеткерлiкке шыққанша Қорқыт ауылдық Советiнiң төрағасы қызметтерiн абыройлы атқарды. 1975 жылы Ұлы Отан соғысы жылдардағы ерлiгi және соғыстан кейiнгi бейбiт өмiрдегi ерен еңбегi үшiн Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесi Президиумының Жарлығымен Қазақ ССР Жо¬ғарғы Кеңесiнiң Құрмет грамотасымен марапатталды. Боқанбай Медешов 1980 жылы облыстық дәрежедегi құрметтi еңбек демалысына шықты. Отанын жаудан қорғаудағы, содан соң бейбiт кезеңдегi ерлiк iстерi үшiн 16 мемлекеттiк жоғары наградалармен марапатталды. Бұл әрбiр наградада әкемiздiң майдан даласындағы төгiлген қан мен терi, соғыстан кейiнгi елдi қайта қалпына келтiру жұмыстарындағы қажыры мен қайраты, күш-жiгерi жатқаны белгiлi. Ол талай ұрпаққа еңбек пен ерлiктiң үлгiсi бола бiлдi. Қарттық басып, шашына ақ түссе де қоғамдық мәселелердi көтерiп, халықтың қамын жеуден тынған емес. Бiрақ өмiр заңдылығынан қашып құтыла алмайсың. Отанына, елiне, оның iшiнде Қармақшы ауданына ерен еңбегi сiңген ардагер жауынгер әкемiз Медешов Боқанбай 1994 жылдың 15 тамызында 77 жасында дүниеден озды. Уақыт өтiп барады. Сол уақыттың жетегiнде, шашасына шаң жұқпаған сәйгүлiк ғұмыр өттi. Ол - менiң әкемнiң ғұмыры. Оның балалары ретiнде өмiрiнiң тарих шаңына көмiлiп, көмескi тартпауы үшiн күш салуға мiндеттi екенiмiздi сезiнемiз. Бiз бiр шаңырақтан бiр қыз, 7 бала бала өмiрге қанат қақтық. Өнегелi өмiр сүру, Отанға, елге қызмет ету ата үрдiсi немере, шөберелерi тарапынан жалғасын табуда. Тiрлiк-тiршiлiгiмiздiң бастау алар қайнары, әкемiз Боқанбай мен анамыз Ұрхияның ақ жүрек, пәк тiлектерi қайда жүрсек те бiзбен бiрге. Ата-анамыздың рухының ақ аспанда мәңгiлiк самғап жүрерiне бiз сенемiз. Сондықтан да бүгiн: «Жеңiсiңiз құтты болсын, әке!» деймiз басымызды иiп.

Баласы Рахат МЕДЕШОВ, Қармақшы ауданы

Соңғы жаңалықтар
Референдум