19:21, 06 Қаңтар 2010 | GMT +5
Жеңістің 65 жылдығына орай шығысқазақстандық Ұлы Отан соғысының ардагерлері пәтерлер алады
СЕМЕЙ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Жеңістің 65 жылдығына орай жеке тұрғын үйі жоқ барлық шығысқазақстандық майдангерлер пәтерлер алатын болады. Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өзінің Жаңа жыл қарсаңында Семейге жасаған сапарында айтты.

Аймақ басшысының ақпараты бойынша, 2010 жылға арналған облыстық бюжетте мерекені лайықты ұйымдастыруға және өткізге арналып қаражат көзделген.
Қазір Шығыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының 217 ардагері тұрып жатыр, олардың 37-сі - семейліктер.