Жеңістің 67-жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған БҚО сотындағы жиналыс

ОРАЛ. 8 мамыр. ҚазАқпарат -  Батыс Қазақстан облыстық сотында  9 мамыр - Жеңіс күніне  және 7 мамыр - Отан қорғаушы күні құрметіне орай салтанатты жиын болды.
None
None

Облыстық соттан Амангелді Шахиннің хабарлағанындай, мерекелік салтанатты облыстық соттың судьясы Валентина Булавцева ашып, жиынға қатысқан ер азаматтар мен тыл еңбеккерлеріне құттықтау лебізін білдірді. Мұнан кейін облыстық, қалалық және облыс орталығындағы мамандандырылған соттардың қыз-келіншектерінен құралған көркемөнерпаздар ұжымы концерт қойды.

Концертте патриоттық әндер шырқалып, ұлттық билер орындалды. Соғыс қасіретін сипаттайтын өлеңдер оқылды. Сот мамандары билердің әділ шешімін паш ететін шағын қойылым қойды.

Жиын соңында сөз алған облыстық соттың апелляциялық сот алқасының және Қазақстан Судьялар одағы Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің төрағасы Теміржан Нұғманов соғыс жылдарында тылда еңбек етіп, Ұлы Жеңіске елеулі үлес қосқан сот ардагерлеріне айрықша құрмет білдіріп, Судьялар одағының сый-сияпатын табыс етті.

Соңғы жаңалықтар