Жеңіл атлет Дэйзи Джепкемей Азия ойындарында жүлдеге бір қадам жетпей қалды
АСТАНА. KAZINFORM — Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Дэйзи Джепкемей Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азиаданың ақтық бәсекесінде сынға түсті.
Қазақстандық спортшы 10 000 метрге жүгіруден финалда төртінші орын алды. Дэйзи қашықтықты 33:03.21 уақытта жүгіріп өтті.
Винфред Яви (Бахрейн) бәсекеде топ жарды — 32:39.18. Жапониялық Нодзоми Танака екінші орын алды — 32:41.54. Ал үндістандық Сима қола жүлдегер атанды — 32:50.05.
Еске салайық, бұған дейін Кирилл Проходов Азиада ойындарының күміс жүлдегері атанғанын хабарлаған едік.