Жеңіл атлет Кристина Овчинникова Грекияда өткен турнирде жеңіске жетті

АСТАНА.KAZINFORM – Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Овчинникова Грекияның Ханья қаласында өткен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

Кристина Овчинникова
Фото: ҚР ҰОК

Спортшы биіктікке секіру сайысында топ жарды. Овчинникова 190 сантиметр нәтижесін көрсетті.

Айта кетейік, отандасымыз Гумиде өткен Азия чемпионатында дәл осы көрсеткішпен бірінші орын алар еді. Алайда ол жарысқа қатысушылар құрамына енбеген болатын.

Екінші орынды жергілікті спортшы Татьяна Гкусин (Грекия) 188 сантиметр нәтижесімен иеленсе, қола медальді Стилиана Иоанниду (Кипр) 188 сантиметр көрсеткішімен жеңіп алды.

Айта кетейік, жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 6 медаль алды.

Соңғы жаңалықтар