Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 6 медаль алды

АСТАНА. KAZINFORM - Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өткен жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық есепте төртінші орынға тұрақтады. 

Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 6 медаль алды
Фото: ҰОК

Ел құрамасынан Нора Джеруто (3 000 метр кедергілер арқылы жүгіру, 5 000 метр) екі алтын алса, одан кейін Дейзи Джепкемей (10 000 метр) чемпиондық тұғырға көтерілді. 

Ал Елизавета Матвеева биіктікке секіруде күміс жүлдеге қол созса, Ясмина Тоқсанбаева (20 шақырымдық спорттық жүріс) мен Дейзи Джепкемей (3 000 метр кедергілер арқылы жүгіру) үздік үштікті түйіндеді. Осылайша бұл күні жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында қоржынға тағы үш медаль түсті. 

Құрлықтық додада Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден төртінші орынға тұрақтады.

Аталмыш сары құрлық бәсекесіне 39 елден 567 атлет бақ сынап жатыр.

Соңғы жаңалықтар