Жеңіл атлетикадан Silk Road to Paris турнирінде ел қоржынына 4 медаль түсті

АСТАНА. KAZINFORM – Өзбекстан астнасы Ташкентте жеңіл атлетикадан Silk Road to Paris халықаралық турнирі аяқталды. 

Жеңіл атлетикадан Silk Road to Paris турнирінде ел қоржынына 4 медаль түсті
Фото: Olympic.kz

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған сында Қазақстан командасы төрт медаль еншіледі. 

Атап айтар болса, 200 метрге жүгіруден Ольга Сафронова, биіктікке секіруден Елизавета Матвеева, 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Давид Ефремов чемпион болды. 

Ал, 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Юлия Башманова қола медаль иеленді. 

Еске салсақ, бұған дейін Халықаралық Паралимпиада комитеті пара жеңіл атлеттеріне тағы екі квота бөлгенін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар