Жеңілдікпен алған тауарды қайта өткізуге бола ма

АСТАНА. KAZINFORM — Егер сіз жеңілдікпен тауар алсаңыз, бірақ, белгілі бір жағдайға байланысты кері қайтарғыңыз келсе, тауарды өткізіп, ақшаңызды қайтара аласыз ба? Бұл сауалға құзырлы орган өкілі жауап берді. 

Жеңілдікпен алған тауарды қайта өткізуге бола ма
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

— Осы мәселе бойынша кейбір сатушы қателеседі, өйткені, заңда «тауардың кемшілігі бар» деген ұғым бар, яғни тауарда бір ақау бар, ол төмендетілген бағамен сатылады. Мұндай тауарлар қайта өткізуге жатпайды. Ал, акция немесе жеңілдікпен сатып алынған тауарды қайтаруға болады. Бұл жағдайда сатушы бас тартса, ол заң бұзушылық, — деп қысқа қайырды Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы Еркебұлан Тағашев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Сауда министрлігінің өкілі, қос баға қою, яғни сатып алу мен бөліп төлеудің айырмашылығын түсіндіріп берген еді

Сондай-ақ брифинг барысында «Тауардың жарнамадағы бағасы мен дүкендегі бағасы арасында айырмашылық болса, не істеу керек?» деген сауалға жауап берілді

Айта кетейік, жыл басынан бері 2,2 млрд теңгеге тұтынушылардың құқығы қорғалды

Соңғы жаңалықтар