«Жеңіс» футбол клубы бас бапкері қызметіне Андрей Демченко келді
АСТАНА. KAZINFORM - «Жеңіс» футбол клубы бас бапкері қызметіне украиналық маман Андрей Демченко келді.

Андрей Демченко 1976 жылы Украинада дүниеге келген. Спорттық мансабында Ресейдің ЦСКА, Нидерландтың «Аякс», Украинаның «Металлург» (Запорожье), «Ильичевец», «Оболонь», «Гелиос», Молдованың «Дачия» клубтарында доп тепкен.
2011 жылдан бері бапкерлік қызметінде Украинаның «Имекс», «Металлург» (Запорожье), «Львов», «Металлист-1925», «Буковина», Грузияның «Дила», «Динамо» (Батуми) клубтарында еңбек етті.
Ал клубта бас бапкердің міндетін атқарған Пиралы Әлиев енді оның көмекшісі қызметінде жұмысын жалғастырады.
Айта кетсек, мамыр айында «Жеңіс» футбол клубының бас бапкері Акис Вавалис қызметінен кетті. Келісімшарт бас бапкердің бастамасымен отбасылық жағдайға және Отанына қайту қажеттілігіне байланысты бұзылды.
«Жеңіс» биылғы біріншілікті сәтсіз өткізіп келеді. Қазір турнир кестесінде олар 11 ойында 7 ұпай жинап, турнир кестесінде 13-орында келеді.