15:10, 18 Сәуір 2025 | GMT +5
Жеңіске–80 жыл: Әскери-әуе күштерінің армиялық авиациясы Астанаға келді
АСТАНА. KAZINFORM — Ми-17, Ми-35 және Ми-171Ш тікұшақтары Астана қаласындағы 19132 әскери бөліміне жеткізілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл әуе кемелері Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады.
Армиялық авиация экипажын Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Руслан Қоңыров бастаған әскерилер дәстүрге сай ұлттық нақышта – қымыз және бауырсақпен қарсы алды.
Бұл шара алдағы тарихи парадқа дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі.
Айта кету керек, әскери парадқа майдандық, армиялық және әскери-көлік авиациясының 60-тан аса ұшу кемесі қатысады.
Айта кетелік жеңістің 80 жылдығына орай қазақстандық әскери 80 шақырым марафон жүгіріп шыққан еді.