Жері бар адам міндетті түрде мал ұстауы керек – Құмар Ақсақалов

жер
Фото: Рexels

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өзі басқарған өңірдің бәрінде неге сүт тауарлы ферма ашуға құштар екенін түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform.

«Жылына 10 тауарлы сүт фермасын ашу қажет деген мәселені жиі көтересіз. Сіз Солтүстік Қазақстан облысын басқарған кезде де солай айтатынсыз. Сол бастамаңыз іске асып жатыр ма? Қашан игілігін көре аламыз?», –деп сұрады БАҚ өкілі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Әкімнің сөзінше, бұл бастама азық-түлік импортының үлесін азайту үшін көтеріледі.

«Өкінішке қарай, азық-түліктің біраз түрі шетелден елге әкелінеді. Оның көбі өзімізде шығарылады. Мысалы, сүттен 10 түрлі тауар шығарады. Бірақ мал шаруашылығымен айналысатын азаматтар, өкінішке қарай, әлі аздау. Сондықтан, менің өз пікірім – жерің болса міндетті түрде мал шаруашылығымен айналысуың керек. Өйткені ауылды жерлерде жұмыссыз жүрген азаматтар әлі көп. Ал сүт тауарлы фермалары көп жұмыс орнын ашады. Сүт тауарлы фермалары ашылса, жыл сайын ең кемінде 35-40 адам міндетті түрде жұмысқа тартылады. Тиімділігі осында. Сондай-ақ ол – ата кәсібіміз. Сүт пен етті толығымен шығарып тұрсақ, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Сондықтан кемінде 10 ферма салуды жоспарлап отырмыз. Биыл 7 ферманың құрылысы басталып кетті», – деді аймақ басшысы.

Соңғы жаңалықтар