12:35, 03 Сәуір 2017 | GMT +5
Жер бетіндегі тұщы су уға айналып барады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Biogeochemistry журналында Канзас университеті ғалымдарының Жер бетіндегі тұщы су жағдайының есебі мен су саласындағы болжамдары жарық көрді.

Ғалымдар климаттық өзгерістердің - қуаңшылықтан кейін кенеттен топан судың келуі тұщы суларды ішуге және шаруашылық қажеттілікке жарамсыз етеді, деп хабарлады Gephardt Daily. Бұл өзгерістер жер үсті суларының, оның ішінде ауыз суларының химиялық құрамын өзгеріске ұшыратады. Дәлірек айтқанда, қуаңшылықта топырақтарға көп мөлшерде азот жиналып қалады. Ал су тасқыны азотты шайып әкетіп, су арналарына құяды. Салдарынан жер бетіндегі барлық су ішуге де, шаруашылыққа да жарамсыз болып қалмақ.
Егер дер кезінде тазарту жүйесін ретке келтірмесе немесе өзге де алдын алу шараларын жасама, ішуге жарамды су мүлдем жоғалып кетуі мүмкін.