Жер бетінде биылғы үшінші магниттік дауыл басталды

АСТАНА. KAZINFORM — Жерде 2026 жылғы үшінші магниттік дауыл басталды, деп хабарлайды БЕЛТА.

магниттік дауыл
Фото: freepik.com

Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасында жарияланды.

— Қаңтар айындағы үшінші магниттік дауыл басталды, — делінген зертхананың Telegram-каналындағы хабарламасында.

Оның себебі 13 қаңтарда Күнде орын алған Жерге «күтпеген жерден жеткен» плазмалық эмиссия болғаны атап өтілді.

2026 жылғы бірінші магниттік дауыл 3 қаңтарға қараған түні болды. Екіншісі күшті полярлық сәулелермен бірге 11 қаңтарға қараған түні болды. Ол кейбір аудандарда шамамен 50 градус ендікке дейін төмендейтін күшті полярлық сәулелерімен ерекшеленді.

Соңғы жаңалықтар