Жер бетінде планеталық ауқымда қуатты магниттік дауыл болып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM –Жердегі магниттік дауыл қысқа үзілістен кейін қайта жалғасып, қуаты орташа G2 деңгейіне жетті.
Е.К.Федоров атындағы Қолданбалы геофизика институтының мәліметінше, Жердің магнит өрісінің бұзылуы қазіргі уақытта бес деңгейлі шкала бойынша G2 деңгейінде тұр. Бұл ретте G5 – өте күшті және G1 әлсіз саналатынын екенін айта кету керек.
12 қараша күні Күн астрономиясының зертханасы XRAS планеталық ауқымдағы қуатты магнит дауылы басталып, ол ең жоғары G5 деңгейіне жетіп қалды. Бұл соңғы күндердегі күн жарқылының экстремалды белсенділігінің аясында Жерге үш плазмалы бұлттардың келуіне байланысты қалыптасып отырған жағдай.
- Үзіліп келіп жатқан мәліметтерден Жер айналасында ерекше жоғары тығыздық пен плазма температурасы тіркеліп жатқанын түсінуге болады және олар әдеттегі температурадан он есе жоғары, - делінген мекеменің мәлімдемесінде.
Еске сала кетсек, Күн бетіндегі күшті жарқыл Жерге қарай плазма шығарындысымен қатар жүрді. Оның балы X5.1 шамасында болды.
Күн жарқылдары рентген сәулеленуінің қарқындылығына байланысты бессанатқа бөлінеді: A, B, C, M және X. Ең төменгі клас, A0.0, Жер орбитасындағы шаршы метрге 10 нановатт рентген сәулелену қарқындылығына сәйкес келеді.
Сондай-ақ Күннің қуатты жарқылынан кейін пайда болған үш плазма бұлты Жерге қарай жақындағанын жаздық.
Сондай-ақ, жер бетінде планеталық масштабтағы магниттік дауыл басталғаны туралы хабарланды.