Жер дауы мен Ақтөбедегі теракт Қазақстанның имиджіне кері ықпалын тигізген жоқ - ҚР СІМ

«Жер мәселесі - қоғамдық маңызы бар мәселе. Сондықтан, Мемлекет басшысы осы іске өзі араласа отырып, жер қоғамның басты құндылығы екенін көрсетті. Пікір алмасу үшін өркениетті түрде диалог орнаттық. Қоғам үшін аса маңызды мәселеде диалог орната отырып, шет елдік әріптестеріміздің ойына жақсы пікір ұялаттық. Сондықтан, кейбір тараптар жағдайды ушықтыра алмады. Бұл әрекетіміз әріптестеріміз тарапынан жақсы бағаланды»,-деген ведомство басшысы Ақтөбедегі жағдай Қазақстанның саяси имиджіне де кері әсер етпегенін айтты.
«Ал, терроризмге тоқталсақ, менің айтарым, Қазақстан мен әлемнің БАҚ-тары «Ақтөбедегі жағдай Қазақстан үшін өте сирек кездесетін құбылыс» екенін атап өтті. Сондықтан, менің айтарым, құқық қорғау органдарының жедел іс-қимылы мен қоғамның бұл терактіні қатты айыптауы мемлекетіміздің тұрақтылығын айқындады. Менің ойымша, бұл жағдайлар Қазақстанның имиджі мен инвестициялық климатына кері ықпалын тигізген жоқ. Керісінше, жер дауындағы Қазақстанның өркениетті іс-әрекеті мен Ақтөбе терактісіндегі жедел іс-қимыл, Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі шетелдік әріптестеріміз тарапынан жоғары бағаланды. Ақтөбедегі жағдай Қазақстанның саяси имиджіне де, инвестициялық климатына да кері әсер еткен жоқ деп айта аламын»,-деді Е.Ыдырысов.