Жер кодексіне енгізілген түзетулер мен толықтырулар ауыл тұрғындарына түсіндірілді - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Целиноград ауданының Оразақ ауылында облыстық мәслихат депутаты Максим Божко жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларымен бірігіп, жер мәселесіне қатысты туындаған сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдады.
None
None

Қабылдауда болған оразақтықтар Жер кодексіне енгізілген түзетулер мен толықтыруларға қатысты өздерінің сауалдарын қойып,  облыстық мәслихат депутаты  Максим Божко мен жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары тарапынан тұшымды жауаптар алды.

Аталмыш заңнаманы талқылау барысында ауыл тұрғындарына қазіргі уақытта осы мәселе бойынша құрылған арнайы комиссия жұмыс істеп жатқаны, оның құрамына уәкілетті мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, танымал қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар еніп отырғаны түсіндірілді.

Қазіргі уақытта ұжымдарда және меншік түріне қарамастан барлық ұйымдарда осындай кездесулер жаппай жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар