16:02, 30 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізілді
АСТАНА. KAZINFORM — Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізілді, деп мәлімдеді Ақорда.
- Мемлекет басшысы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген ресми дереккөзде.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңға қол қойды.