Жер қойнауын пайдаланушыларға арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе іске қосылды
АСТАНА. KAZINFORM - 1 шілдеден бастап Қазақстанда «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» жаңғыртылған мемлекеттік ақпараттық жүйесі іске қосылды.

Tizilim платформаcы бұрынғы reestr.nadloc.kz ресурсының орнына қолданысқа енгізіліп, сатып алу жүйесінің тиімді әрі нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
- Tizilim ақпараттық жүйесі нормативтік өзгерістерге сәйкес әзірленіп, сатып алу рәсімдерін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша бірыңғай номенклатуралық анықтамалығындағы (ТЖҚБН) кодтарға сәйкес жүзеге асырады.
Жер қойнауын пайдаланушылар мен өнім берушілер үшін tizilim.gov.kz жүйесінде тіркелу 23 маусымда басталған. 1 шілдеге дейін жер қойнауын пайдаланушылар «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-мен ТЖҚ бойынша Бірыңғай номенклатуралық анықтамалықты (ТЖҚ БНА) пайдалану абонентін алу жөнінде шарт жасасуы және жүйеге тіркелу қажет болған, - деп жазды Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен.
Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы reestr.nadloc.kz ақпараттық жүйесінің нұсқасында 1 шілдеге дейін жарияланған сатып алуларды тапсырыс берушілер сол жүйеде аяқтайды.
Жүйенің жұмыс істеуіне қатысты барлық сұрақтар бойынша ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 1465 Бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.
Сонымен қатар, осы министрлік пен «QazIndustry» АҚ ресми сайттарында Tizilim жүйесіне тіркелу бойынша қадамдық нұсқаулықтар жарияланған.
Айта кетейік, Абай облысында прокуратура жер қойнауын пайдаланушылардан 100 млн теңге өндіріп алды.