Жер реформасы бойынша комиссияның жұмысын А. Мырзахметовке тапсыру қажет - К.Мәсімов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындалды.

«А. Мырзахметов Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды. Осы тағайындауға байланысты сізді құттықтаймыз. Қызметіңізде жемісті жұмыс тілеймін»,-деді Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов.

Өз кезегінде А. Мырзахметов көрсетіліп отырған сенімге алғысын айтып, барлық жинақтаған тәжірибесі мен білімін саладағы жұмысына бағыттайтындығын жеткізді.

«Енді бізге ішкі міндеттерді бөлуді қарастыруымыз керек. Бақытжан Әбдірұлы, сіз ауыл шаруашылығы саласын қадағалаумен айналысқан жұмыстарды қайта бөлу керексіз. Менің ойымша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен жұмысын бастаған жер реформасы бойынша комиссияны да А. Мырзахметовке тапсыру қажет», - деді К. Мәсімов

Соңғы жаңалықтар
telegram