Жер шарының мұз қоймасы таусылып барады: 50 жылда 9 трлн тонна мұз еріп кеткен

АСТАНА. KAZINFORM – Мұздықтардың еруі салдарынан  1975 жылдан бері олардың көлемінің 9 трлн тоннаға дейін азайып кеткен, бұл дегеніміз Германияның көлеміндей. 

Жер шарының мұз қоймасы таусылып барады: 50 жылда 9 трлн тонна мұз еріп кеткен
Фото: Midjourney

Бұл туралы БҰҰ-ның мамандандырылған агенттігі Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның өкілі Клэр Нуллис мәлімдеді.

— Дүниежүзілік мұздықтарды бақылау қызметінің бағалауы бойынша, 1975 жылы бақылау басталғалы бері мұздықтар жалпы көлемі 9 триллион тоннадан астам мұзды жоғалтты. Бұл қалыңдығы 25 метр болатын Германия аумағындай алып мұзды блокқа тең, — деді ол Женевада өткен брифингте.

Оның айтуынша, соңғы жылдары әлем «бақылау тарихындағы мұздықтардың ең жылдам шегінуіне» куә болды. БҰҰ өкілі мұздықтар мен мұз жамылғылары әлемдік су ресурстарының шамамен 70 пайызын сақтап тұрғанын еске салды.

Айта кетелік алдағы жылдары Арктикадағы жылыну жаһандық орташа көрсеткіштен үш есе артық болатыны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар