Жер сілкінісі аймағындағы оқушылар наурызда сабаққа барады - Түркия Елшісі
«Түркия бойынша мектептер 20 ақпан күні қайта ашылды. Жер сілкінісі болған өңірлерде уақытша мектептер құру жұмыстары жүріп жатыр. Ал, наурызда зілзала болған аймақтарда оқуды қайта бастау жоспарланып отыр. Осы аймақтан басқа өңірлерге көшкен балаларды да оқыту жалғасады», - деп тоқталды Уфук Екиджи.
Ол қазіргі таңда зілзаладан зардап шеккен 1,6 млн Түркия азаматының баспана мәселесі шешілгенін мәлімдеді.
Сонымен қоса, бүгінге дейін жер сілкінісінен қираған және құлау алдында тұрған 156 мың ғимарат анықталған.
Бұған қоса, Түркия халқы жетім қалған балаларды асырап алуға ниет білдіріп жатыр.
Еске салайық, 6 ақпанда Кахраманмарашта магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.