Жер сілкінісі салдарынан гректің Кос аралындағы көне мешіттің мұнарасы қирады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жергілікті тұрғындар өңірде болған қатты жер сілкінісі салдарынан гректің Кос аралында орналасқан көне мешіттің  мұнарасы қирағандығын айтады.

Жер сілкінісі салдарынан гректің Кос аралындағы көне мешіттің мұнарасы қирады

 Бұл Дефтердар мешіті 1725 жылы осман империясы үстемдік етіп тұрған кезде салынған және аралдың көрікті жерлерінің бірі саналады.

Олардың сөзіне қарағанда,  басқа да тарихи ғимараттар бұзылған. Атап айтсақ, госпитальшылар бекінісі,  Агиа Параскеви шіркеуі мен 1920-1930 жылдары салынған құрылыстар, деп хабарлайды life.ru.

 Лайфтың мәліметінше, Түркияның батыс жағалауында қуаттылығы  6,7-ге дейін жеткен жер сілкінісі болып, ол Грекияда да байқалған. Ел билігінің  хабарлауынша, Кос аралығындағы зілзала салдарынан екі адам қаза тауып, 100-ден астам адам зардап шекті.