Жер сілкінісі кезінде жанармай құю стансасына жоламаған жөн — сейсмолог

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Төтенше жағдай кезінде жанармай құю стансасына бару қауіпті. Бұл туралы брифинг барысында Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев айтты.

азс
Фото: Pexels

Мамандар жер сілкінісі кезінде жанармай құю стансасына бармаған жөн деп есептейді. Өйткені, жойқын жер сілкінісі жағдайында қайталама факторлар — жарылыстар, өрттер болуы мүмкін.

«Қандай да бір себеппен біздің азаматтар ресми дереккөзден алынған мәліметтерге сенбейді. Ең алдымен ресми ұйымдарға — ТЖД, құтқару қызметі, жергілікті атқарушы органның мәліметіне сенуге шақырамын. Адамдар көрші чаттарына емес, өз ісімен айналысатын мамандарға сенуі керек. Біздің міндетіміз — журналистермен бірлесіп азаматтарға ресми деректерді жеткізу. Қоғамда төтенше жағдайларға ден қою мәдениетін енгізу қажет», — дейді Дәулет Сәрсенбаев.

Соңғы жаңалықтар