Жер сілкінісі: Түркия билігі ғимараттардың зақымдануы туралы 378 хабарлама алған
АСТАНА. KAZINFORM – Түркияның Қоршаған орта және қала құрылысы министрі Мурат Курум Ыстанбұлдағы жер сілкінісінен кейін жедел желіге ғимараттардың құрылымдық зақымдануы туралы 378 хабарлама түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Report.

– 112 нөмірі арқылы ғимараттардың зақымданғаны туралы 378 хабарлама алдық. Ыстанбұлда 7,5 миллионнан астам тұрғын үй бар. Біз дереу тексеру жүргіздік. Сақтық шарасы ретінде 12 ғимаратта, оның ішінде Фатихтегі қараусыз қалған бір ғимаратта эвакуация жүргіздік, – деді Курум.
Ведомство басшысы алдағы төрт күн ішінде ғимараттарды егжей-тегжейлі тексеретінін айтты.
Осы кезеңде азаматтар жұмаға дейін сабақ тоқтатылған мектептерде уақытша қалып, түней алады.
Айта кетейік, Ыстанбұлда жүрген Абай есімді отандасымыз жер сілкінісі қорқынышты болғанын айтқан еді.