Жер учаскелерін беруге қатысты мемлекеттік қызметтер электронды жүйеге ауыстырыла бастады

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Биыл алғашқы жартыжылдықта біз жер учаскелерін беруге қатысты төрт мемлекеттік қызметті электронды жүйеге ауыстыруды жоспарлап отырмыз.
None
None

Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қадырхан Отаров мәлім етті.

Оның хабарлауынша, аталған төрт қызметке жер учаскесіне жеке меншік құқығы, жерді тұрақты падалану құқығы, жерді уақытша (жалға алу арқылы ұзақ және қысқа мерзімді) пайдалану құқығы және жерді уақытша өтеусіз пайдалану құқығы туралы актісі кіреді.

«Осы қызметтердің барлығы «электронды үкімет» порталы арқылы Мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарында берілетін болады», - дейді Қ.Отаров.

Агенттік төрағасы атап көрсеткендей, осының бәрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары аясында жасалып жатыр. Осы мақсатта жер ресурстары саласындағы рұқсат беру құжаттары да қысқартылуда. Осы уақытқа дейін рұқсат беру үдерістері 36 пайызға қысқарды, қазіргі 26 процедураның 9-ы алып тасталынды. 

Соңғы жаңалықтар