Жерді пайдалануға алған адам одан өнім өндіру бойынша жауапкершіліктен қашпауы керек - В. Косарев

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Жерді пайдалануға алған адам одан өнім өндіру бойынша жауапкершіліктен қашпауы керек. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Мәжілістегі «Халықтық коммунистер» фракциясының жетекшісі Владислав Косарев осылай деп мәлімдеді.
None
None

«Жұмыспен қамту мәселесі - бұл біздің партияның мәселесі. Біз партия құрылғалы осы жұмыспен айналысып келеміз. Сондықтан да, біз азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі қыруар қаражатты қажет етпейді деп санаймыз. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша бір жұмыс орнын ашу үшін 260 доллар кетеді. Ал ауылда өнім шығару үшін екі қолға бір күрек болса да жетіп жатыр», - дейді фракция жетекшісі.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласында басты мәселе сүт жинау мен оны өңдеуге келіп тіреледі. Ал Қазақстанда сүттің 30 пайызы ғана өңделіп жүр. Депутаттың айтуынша, ет өндірісінде де дәл осындай проблемалармен қордаланып қалған. «Мәселе жердің бәрі жекешенің қолында болып отырғандығында. Олар осы жерден астық алады, сосын оны сатып миллиардттар табады. Ал есесіне шағын жекеменшік фермалар мен ауладағы бақшаларды дамытуға бөлінетін қаражат мардымсыз. Сондықтан да біз бүгінгі күні Үкіметке арнайы ұсыныс жасап, жерді өңдеуге алған адам сүт, ет пен жұрмыртқа өндіру бойынша жауапкершіліктен қашпауы керектігін алға тартып отырмыз. Ол тура нан бағасына қатысты секілді халық үшін өндірілетін азық-түліктер бойынша жауап беруі керек», - деді В. Косарев.

Соңғы жаңалықтар