21:16, 16 Ақпан 2009 | GMT +5
Жерді сақтаушы ? Халық қаһарманы А.Христенко
ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Жер адамы, халық адамы, Ақ көңіл-адам ... Алтын жұлдызбен және «Халық қаһарманы» жоғары атағымен марапатталған Александр Федорович Христенко туралы материал дайындау барысында, мен ол кісімен кезінде бірге қызмет еткен, бүгінде көзі тірі адамдармен, серіктестерімен және достарымен кездестім. Өткен күннің естеліктерімен ой бөліскен олар, еріктен тыс бейнелі түрде айқындайтын әңгімеге ауысып кетіп отырды. Ол, өмірдің мәнін терең түсінетін, адамның құнын шын бағалай білетін, жерді қасиет тұтқан және сол жерде өзінің өшпес ізін қалдырған кісі ретінде жұртшылық жүрегінде сақталып қалды.
Александр Христенко «Құрғақ жерлердегі егіншілік: теория, тәжірибе, экономикалық тиімділік» атты кітабында өз өмірбаянын «Ата-бабасынан шаруа, Украинада барлық мүлкінен айрылған Роман атаның немересі, ерікті-тыңгер», - деп, қысқа да нұсқа суреттеді. Терең зерттелген бұл ғылыми еңбегін, ол тыңның 40 жылдығына арнады. Аталған еңбек күні бүгінге дейін өз маңыздылығын жойған жоқ. Оның өмірбаянында кеме жасаушы деген сөз тіркесі бар. Ол, Харьков машина жасау техникумын бітірген соң, Таллин кеме жасау зауытына шебер болып орналасады. Дегенмен, құлшынысын оны жерге деген құштарлық жеңіп кетеді, диқаншылыққа қайта оралады. Еңбек ете жүріп, Целиноград ауыл шаруашылығы институтын сыртай оқып бітіреді.Александр Христенко ? алғашқы тың игерушілер сапынан. Ол Қазақстанға алғашқы толқынмен, 1954 жылы келген еді. Оны, Қарағанды облысы, Нұра ауданына қарасты, Пржевальский атындағы кеңшарға бағыттайды. Жаңа шаруашылыққа келе салысымен, жас жігіт өзін алдыңғы қатардан көрсете алды. Іскер маманға, тракторшылар бригадасы бірден сеніп тапсырылды. Сонымен қатар, ол қоғамдық жұмыста да жетекші рөл атқарды ? оны комсомол комитетінің хатшысы етіп сайлады.«Тыңды біз неден бастадық? Әрине, барлық жердегі секілді алғашқы қазық қағудан бастадық . Біз тіккен шатырлардан жастықтың лебі есіп тұрушы еді. Сондай-ақ, алма бағын отырғыздық», - деп ой бөлісетін, кезінде ірі шаруашылықтың басшысы болған кезінде Александр Федорович.Айта кету керек, ол өз өмірінде бақшаны аз өсірген жоқ. Ол жетекшілік етуге келген қай аймақта болмасын, бау-бақшалар өсіру қолға алынатын. Христенконың жемісті еңбек еткен жері, Центральный ауылындағы Қарағанды ғылыми-зерттеу кеңшары ? ауыл шаруашылығы институтында (қазіргі кезде Қарағанды ғылыми-зерттеу өсімдік және селекция институты), күні бүгінге дейін көгалдандыру жөнінде ешқандай да мәселе жоқ. Басты мақсат ? мұраға қалған жасыл желекті сақтап қалу.Өмірбаянға қайта оралсақ. Александр тың аймағынан әскер қатарына шақырылады. Ол, бұл ортада да өзін әскери оқу мен қызметтің үздігі ретінде танытты. Әскери салада қызмет етуге болушы еді. Тіпті, өзінің туған өлкесі Украинаға қайтуына жол ашық еді, бірақ, еңбек еткен тыңға, оның ішінде өзі жұмыс жасаған кеңшарға қайта оралды.
Біраз уақыт өткенде, Никита Хрущев өз баяндамасында Христенко туралы айтып, Одақ көлеміндегі ең жас директор Қазақстанда еңбек етіп жатар, жұмыс жасауды барлығы содан үйренулері керек, деп атап өтті ол.Александр Федорович 1955 жылы бар болғаны 22 жаста Нұра ауданындағы «Киев» кеңшарына директор болып тағайындалды. Бұл, сол кезде облыстағы өте ірі шаруашылық болатын: иелікте 20 мың гектардан астам егін алқабы мен мыңдаған ірі қара мал бар. Шаруашылықтың бұлайша аталуына Киев облыстық кеңшарлар тресінен жастардың осында келуі себеп болды. Көп уақыт өтпей-ақ, «Киев» гүлдене берді. Ашық далаға орын тепкен шаруашылықтың даңқы артып, аз уақытта оның атағы бүкіл Одаққа тарап кетті. Басшы ретінде Христенконы тек өндірістік жетістіктер ғана қызықтырған жоқ. Ол барлық уақытта адамдарға жақсы жағдай туғызуға ұмтылды. «Сол кездің өзінде, үйлерге жылу жүйесі орнатылды, әр пәтерге телефон орнатуға күш салды. Кеңшардың өз ауруханасы, ал оның жанында емхана болды. Христенко Киевтен «Киев» кеңшарына алты мыңнан астам хош иісі аңқыған қараған ағашының көшеттерін және екі мың терек алдырды. Христенко жетекшілік еткен алғашқы жылы шаруашылықта құс шаруашылығының өте жақсы дамығаны соншалық, балапандарды қайда жіберудің өзі мәселеге айналды. Ауыл тұрғындары диеталық ет өнімін тегін алып отырды. Облыста жылыжай тұрғызу осы шаруашылықта бірінші болып қолға алынды. Көкөніс алушылар Қарағандыдан, Теміртаудан ағылып келе бастады», - деп жазатын журналистер.Жас директордың іскерлігі тез байқалды. Көп ұзамай, ол қызметте жоғарлатылып ? аудандық, содан кейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасын басқарды. Дегенмен, шенеуніктік қызмет оған жан рахатын бермеді. Оның бар болмысы мен өмірлік ұстанымы ? жермен біте қайнасқандай еді.Арада біраз уақыт өткен соң, Христенко өз қалауымен басқарушы қызметті тастап, ауыл шаруашылығына қайта оралады. Ол жетекшілік еткен Киров атындағы кеңшар, картоп өсіруден рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, шаруашылық атағын аспандатып жіберді. Мұнда, мал шаруашылығы кешені құрылды. Кеңес Одағының тұрмыс деңгейін көрсету үшін, шетелдіктерді осы кеңшардың орталығы ? Ростов ауылына арнайы әкелетін.1982 жылдың бас кезінде А.Христенко ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасына директор болып тағайындалды. Бұл жерде, ол ғылыми еңбекті жандандыра бастады. Ол үшін, бұл шаруашылықта бірегей адами әлеует күшті болды. Стансыда бұрын КарЛагта отырған ғалым-селекционерлер көп еді. Мәселен, соның бірі ретінде айтар болсақ, Яков Кондратьевич Бычек астықтың сирек ұшырасатын үш сортын шығарды.Басшы ретінде, Христенко ғылыми жемісті жұмыс жасау үшін, барлық жағдайды жасауға тырысты. Ол өзі де, құрғақ жерлерді игерудің қарағандылық әдісі атты еңбектің авторы ретінде танымал болған. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысымен, 1991 жылы стансы базасында Қарағанды ғылыми-зерттеу кеңшар-институты құрылды. Мұны, даладағы ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты деп атаса да болғандай еді. Бұл ? барлық ғылыми шығындары шаруашылықтың қаржысы есебінен жүргізілетін, Қазақстандағы жалғыз ғылыми мекеме.Кеңшар-институт орналасқан Центральное ауылының байырғы тұрғындары Александр Федоровичті әлі күнге үлкен құрметпен еске алып, оған деген алғыстарын білдіріп жатады. Өйткені, барлық ардагерлер үшін жайлы үйлер салынды. Ауылда орталықтандырылған жылу жүйесі мен басқа да қала тұрғындары күнделікті тұтынып жүрген игіліктер пайда болды. Үзіліс кезінде, қысқы бақта құстардың әуезді әуенін естіп отырып, дем алатын сауыншыларды бұл фермадан басқа жерден көргеніңіз бар ма?
«Сіздің өмір жолыңыз бен жастық шақтағы өз таңдауыңызға деген адалдығыңыз ? жер өңдеу, оның иесі болу және оны сақтау бағытындағы табандылығыңыз қандай марапатқа да лайық. Еңбек жолыңызды 18 жасар балаң кезіңізден бастап, Қарағанды облысындағы тыңды игердіңіз, бүгінгі күнге дейін өз міндетіңіз бен қалауыңызға қыл түсірмедіңіз. Учаске механигі, трактор бригадасының бригадирі, бас инженер, кеңшар директоры, ауыл жастарының жетекшісі, облыстың ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырушы, ірі ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ғалым ? Сіздің жалынды өмірбаяныңыздың асулы кезеңдері осындай» - бұл сөздер А.Христенконың 60 жылдық мерейтойында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауынан алынып отыр. Президент шетелдерге сапарға шыққанда, ауыл шаруашылығы ынтымақтастығын дамыту мәселелері бойынша А.Христенко да ресми делегация құрамына жиі енетін.Қарағанды облысында атақты жерлестері туралы «Жер иесі болу» деген атпен екі деректі фильм түсірілді. Оның біріншісі -1960 жылы ең жас директор туралы түсірілсе, екіншісі ? 1992 жылы А.Христенко кеңшар-институтқа жетекшілік еткен кездері түсірілді.
1995 жылы А.Христенкоға Қазақстанның ең жоғарғы наградасы ? «Халық қаһарманы» атағы берілді. Ол, сондай-ақ, Ленин ордені, Октябрь революциясы тағы басқа да мемлекеттік наградаларды қоспағанда, №2-ші Алтын жұлдыздың иегері. Бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақ КСР халық депутаты болып сайланды. 1996 жылы Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі болып сайланды.