Жерге қарай 400 метрлік астероид жақындап келеді

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Астрономдар жерге жақын қашықтықта, шамамен 2032 жылы біздің планетамызбен соқтығысуы мүмкін ірі астероидты анықтады. Бұл жаңалық Қырым астрофизикалық обсерваториясында жұлдызды аспан түсірілімдерін зерттеу кезінде жасалған. Объектінің мөлшері 410 м және ол секундына 9,93 шақырым жылдамдықпен жүйіткуде.
None
None

Астероид 2013 TV135 деген индекске ие болды, ол аса қауіпті санатқа жатады. Оның орбитасы мен Жердің орбитасы арасындағы қашықтық 1,7 млн шақырымды құрайды, деп хабарлады "Новости" РАА.

Тамыз айының басында NASA жерге қатер туғызатын астероидтардың нақты картасын жасады. Оған біздің планетамызға жақын ұшып өтіп айтарлықтай қатер туғызатын 1400 ғарыштық нысан кірген.

Соңғы жаңалықтар