Жерге ұқсас планеталар бар ма – астроном Артур Гайдук зерттеу нәтижесімен бөлісті
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада өтіп жатқан PRO.NRG FEST ғылыми отбасылық фестивалі аясында астроном Артур Гайдук Жерге ұқсас ғаламшарлардың бар-жоғына қатысты пайымымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мені PRO.NRG FEST фестиваліне алғаш рет шақырып отыр, бұған өте қуаныштымын. Астрономия мен жұлдыздар тақырыбы бәріне қызық. Астрономияға деген қызығушылықтың артуы қуантады. Нарықтық экономиканың арқасында бізде әуесқой телескоптар шығарылып жатыр. Оларды көбі сатып алып, балаларына беріп жатады. Көп бүлдіршін ғарыш туралы аз болса да, фактілерді біледі. Егер баланың ғарыш әлемін зерттеуге деген құштарлығы болса, оны ерте жастан бағдарлаған жөн», - деп атап өтті астроном Артур Гайдук.

Сонымен қатар астроном күн жүйесінен тыс орналасқан планеталар туралы айтып, Жерге ұқсас ғаламшарлардың бар-жоғы туралы пікірін айтты.
«Мен өз баяндамамда Жерге ұқсас планеталар туралы сөз еттім. Біз өз Жерімізге ұқсас ғаламшарларды таба аламыз ба? Менің зерттеуіме сай, біздің планетамызға ұқсас ғаламшарлар бар», - деді астроном.
Еске сала кетейік, бүгін елордада балалар мен ересектерге арналған PRO.NRG FEST үлкен ғылыми отбасылық фестивалі өтіп жатыр.
