Жергілікті халық Обаманың қарапайым вьетнамдық мейрамханада арзан кеспе жегендігіне сенбеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал американдық аспазшы, жазушы және тележүргізуші Энтони Бурден таяуда президент Барак Обамамен вьетнамдық мейрамханада бірге отырып кешкі ас ішкендігін, оған кеспе, қуырылған шошқа етін және сыра бергендігін Туиттерге орналастырды, деп жазады epochtimes.ru.
None
None

Еске сала кетсек, Обама Вьетнамға Азияға сапары кезінде барған еді.

Шынтуайтына келгенде, Обама мен Бурденнің ханойлық мейрамханадағы кешкі асы аяқ астынан болмаған-ды. Олардың әңгімесі CNN Parts Unknown-де Бурденнің қыркүйектегі хабарынан көрсетіледі.

Мейрамхананың сыртында Обаманы көру үшін 500- ге жуық адам жиналды, деп жазады вьетнамдық VnExpress газеті.

Президент мейрамханадан шыққан кезінде ол өзін ұялы телефондарымен фотоға түсірген жергілікті тұрғындармен қол беріп, амандасты. Олардың көпшілігі президенттің осындай қарапайым мейрамханада кешкі ас ішкендігіне сенген де жоқ.

Соңғы жаңалықтар