Жергілікті мәселелер жергілікті жерлерде шешілуі тиіс ? «Нұр Отан» ХДП Халықтық тұғырнамасын жүзеге асыру

АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - 2007 жылғы шілдеде партияның кезектен тыс ХІ съезінде қабылданып, «Нұр Отан» ХДП Халықтық тұғырнамасында белгіленген мәселенің бірі – Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін дамытудағы бірден-бір маңызды бағыт жергілікті өзін-өзі басқару болды.
None
None
Халықтық тұғырнамада барлық жергілікті маңыздағы мәселелер жергілікті атқару органдарымен жергілікті жерде шешілуі тиіс, өйткені орталық билікке қарағанда олар бұл мәселені жақсы түсінеді. Сондықтан да, «Нұр Отан» партиясы Парламент пен Үкімет алдына тиісті тапсырмалар қойды. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлін арттырудың маңызды тұсы жергілікті атқару билігі органдарының халықтың мүддесін білдіретін мәслихат алдындағы есептілігін күшейту болып саналды. Бұдан басқа, партия ауыл әкімдері мемлекеттік қызметтерді атқару барысында жергілікті өзін-өзі басқару міндеттерін де өздерінің шешуіне қол жеткізулеріне күш салатындықтарын мәлімдеді. Жергілікті мәселелерді шешу үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тапсырма көлеміне сәйкес қаржысы болуы керек.Осы жылғы ақпанда 2007 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның ережелерін жүзеге асыру мақсатында «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулыр енгізу туралы» Заң қабылданды. Конституцияға енгізілген түзетулер Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруға байланысты мәселелерді тұжырымдық түрде шешті.Жергілікті өкілетті органдар ? тиісті мемлекеттік өкілеттігі бар мәслихаттар базасында Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың қазіргі заманғы жүйесін жасаудың негізі құрылды. Біріншіден, қоғамдық және мемлекеттік институттардың қосылуына жол берілмейді, бұл туралы норма жоқ. Екіншіден, жергілікті өзін-өзі басқару тікелей халықтың қатысуымен, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да аумағында ықшам тұрғындар тобы тұрып жатқан жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен жүзеге асырылады.Конституцияда бекітілген мәслихаттардың мәртебесін ескеріле отырып, жергілікті өзін-өзі басқару әкімшілік-аумақтық бірлікке сәйкес мәслихат арқылы жүзеге асырылады. Ендігі жерде әкімдіктер мемлекеттік басқару қызметімен қатар, жергілікті өзін-өзі басқару қызметіне де ие болды. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті мемлекеттік билік органдары арқылы жүзеге асыру ауылды дамыту жөніндегі міндеттермен тікелей байланысты.2004-2010 жылдарға арналған ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы ауылдық орналасуларды оңтайландыру негізінде ауылдың өмір сүруін қамтамасыз етудің қалыпты жағдайын жасауды көздейді. Экономикалық іс-қимылдарды дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2008 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 617,6 млрд. теңгеге өсті.Ауылдағы өмір сүру деңгейін көтеру және табысты арттыру мақсатында ауыл тұрғындарына шағын несие берудің бюджеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2005 жылдан бері аталған бағдарлама бойынша 9,8 млрд. теңге сомасы көлемінде 54 мың шағын несие берілді. Үй шаруашылығының табысы бойынша халықтың бір айлық орташа тұтынуына шаққанда 2008 жылғы көрсеткіш 2004 жылмен салыстырғанда үш есеге дейін өсе түсіп, бүгінде 19 165 теңге құрады.2004-2008 жылдары құрылысты, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын жөндеу және қайта құруды инвестициялау жөніндегі бірінші кезектегі шараларды орындау үшін, республика аумағындағы ауылдық әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуға жоспарланған 272,6 млрд. теңгенің орнына барлық қаржыландыру көздерінен 286,5 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен ? 123,6 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен ? 133,2 млрд. теңге және басқа да қаржы көздерінен ? 29,7 млрд. теңге жұмсалды. Жалпы алғанда 660 білім беру, 484 денсаулық сақтау, 325 мәдениет және спорт нысандарының құрылысы салынып, олардың бірқатары қайта жаңартылып жатыр. Ауыл аумақтарындағы инженерлік инфрақұрылымды дамыту үшін 2004-2008 жылдары республикадағы барлық қаржыландыру көздерінен жоспарланған 231 млрд. теңгенің орнына 246 млрд. теңге қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен ? 101,1 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен ? 110,6 млрд. теңге және басқа да қаржы көздерінен 34,3 млрд. теңге жұмсалды. 1216 сумен қамтамасыз ету нысандары, 1 300 шақырым жергілікті маңызға ие автожол құрылысы салынды және бірқатары қайта жөндеуден өтті. 109 ауылға электр желісі тартылды. 550 сумен қамтамасыз ететін нысандар мен жергілікті маңыздағы 500 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті.Ауыл аумақтарын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау нәтижесінде 2004-2004 жылдары республиканың елді мекендеріндегі ауылдық білім беру нысандарын қамтамасыз ету жақсы көрсеткішке ие болып, салынған мектеп саны 173-ке өсті, ал нормативке сәйкес келмейтін мектептер саны 122-ге дейін қысқарды. Денсаулық сақтау нысандарымен қамтамасыз етілмеген ауылдар саны 38-ге дейін қысқарды. Қабылданған шаралар арқасында 985 мың ауыл тұрғыны орталықтандырылған таза ауызсумен қамтамасыз етілді, республика бойынша су құбыры тартылған ауыл тұрғындарының үлесі 27,6-дан 37,3 пайызға дейін өсті. Жалпы алғанда, қазіргі уақытта еліміздің барлық аймақтарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың барлық алғышарттары жасалды. Жоғарыда айтылған шаралармен қатар бір мезетте Көксарай су тоспасының құрылысы секілді жобалар да іске асырылып келеді. Ол тұтас бір аймақтың өзекті мәселесін шешуге арналған және аймақ тұрғындарына отбасы, шаруа қожалығы, елді мекен деңгейінде халыққа мемлекеттік қолдаулар көрсетіліп отыр. Жол картасын жүзеге асыру ? халықтың еңбекке тартылуын қамтамасыз ету жөніндегі жоспар дағдарыстың аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық ахуалына кері әсерін жеңілдетеді, еліміздегі ауылдар мен қалаларды дағдарыстан кейінгі жедел дамуға дайындайды.
Соңғы жаңалықтар