Жергілікті органдар мақсатты трансферттерді бөлу туралы шешімді өздері қабылдай алмайды - О.Өксікбаев

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Жергілікті органдар мақсатты трансферттерді бөлу туралы шешімді өздері қабылдай алмайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев айтты.
None
None

«Үкіметте мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы функциялар мен өкілеттіктер заңнамамен шектелгеніне қарамастан бюджеттік үдеріс пен бюджетаралық қарым-қатынастар арқылы оларды жүзеге асыруда шешім қабылдауда орталықтандыру орын алуда», - деді ол.

Бұл ретте халық қалаулысының алға тартқан деректеріне сәйкес, 2005 жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге 138 млрд. теңге сомасында мақсатты трансферттер, 123 млрд. теңге сувенциялар бөлінген. Ал 2013 жылы мақсатты трансферттердің көлемі 890 млрд. теңгеге, ал сувенциялар 866 млрд. теңгеге жетіп отыр.

«Бұл ретте мақсатты трансферттерді бөлу туралы шешімді жергілікті органдар өздері қабылдай алмайтындыгын, орталық атқарушы органның келісімімен жүзеге асыратындығын атап өткен орынды», - деді О.Өксікбаев.

Соңғы жаңалықтар