Жерорта теңізінде магнитудасы 4,2 балл жер сілкінісі болды
АСТАНА. KAZINFORM — Жерорта теңізінде магнитудасы 4,2 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Анадолы ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) мәліметінше, сағат 06:23–те магнитудасы 4,2 балл жер сілкінісі тіркелді. Оның ошаеы Жерорта теңізінде орналасқан. Тереңдігі — 15 шақырым.
Еске сала кетейік 9 қыркүйек күні Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында сағат 09:41–де эпицентрінде күші 3 балға жететін жер сілкінісі тіркелгенін жазған болатынбыз.
Қырғыз Республикасы ұлттық ғылым академиясы сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Көк-Таш ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 10 шақырым, Бұлақ-Башы ауылынан батысқа қарай 21 шақырым, Баткен қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35 шақырым жерде орналасқаны хабарланған еді.