Жеті ел Трампты Нобель сыйлығына ұсынуды қолдады

АСТАНА.KAZINFORM — Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамптың Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына кандидатурасын қолдаған елдердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Жеті ел Трампты Нобель сыйлығына ұсынуды қолдады
Фото: GLOBAL LOOK PRESS

Ақ үйдің X әлеуметтік желісіндегі жазбасына сәйкес, Трамптың кандидатурасын Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Камбоджа премьер-министрі Хун Сен, Габон президенті Брис Оли Нгуема, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, Пәкістан үкіметі және Руанда сыртқы істер министрі Оливье Ндухунгирехе қолдады.

Айта кетейік, 2024 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығы ядролық қарусыз әлемді жақтаған жапондық Nihon Hidankyo ұйымына берілді.

Соңғы жаңалықтар