Жеті өңірде діни ағым өкілдерінен тұратын қылмыстық топтарға қарсы операция басталды

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның бірнеше аймағында арнайы операция өткізді. 

ұқк
Фото: ҰҚК

17 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында құрамында деструктивті діни ағымды ұстанушылар бар қылмыстық топтардың іс-қимылының жолын кесетін операцияны бастады.

«Өткізілген іс-шараның нәтижесі жақында жарияланады» деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметінен.