Жеті аптаның ішінде Назарбаев Университетіне жеті мемлекеттен 1798 талапкер тіркелді

АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат. Назарбаев Университетіне 2012 жылға талапкерлерді тіркеу бойынша жеті аптаның ішінде 1798 талапкер тіркелді. Олардың 12 - басқа елдердің азаматы. Университет сайтында 2011 жылғы 9 қарашада басталған тіркеу 2012 жылғы 30 қаңтарға дейін өткізілетін болады.
None
None

Өтінімдер Қазақстанның барлық аймақтарынан және басқа елдерден де келіп жатыр. Тіркелген кандидаттардың 23% - астаналықтар, 18,8% - алматылықтар, 8% жуық - Қарағанды облысын құрайды. Сонымен қоса, 12 сұраным Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Нигерия, Өзбекстан, Ресей Федерациясы елдерінен түсті. 2011 ж. Назарбаев Университетіне тұңғыш халықаралық студент қабылданған болатын. Қырғызстан азаматы қабылдау емтихандардан сүренбей өтіп және демеуші гранттың иегері болып, Foundation бағдарламасының 501-шы студенті болып қабылданды.

Таңдаған факульттердің тізімінде Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі (пәндік емтихандар: математика және сыни тұрғыдан ойлау), Инженерия мектебі (математика және физика), Ғылым және технологиялар мектебі (математика және физика) бірінші орын алып отыр. 1798 талапкердің ішінде - 959 қыз және 839 жігіт.

Назарбаев Университеті естеріңізге салады: Университет 2012 жылы Foundation бағдарламасы бойынша оқыту жүргізбей-ақ, бакалавриат бағдарламасына тікелей оқуға қабылдайды. Осы талапкерлерді қабылдау ережелері мен онлайн-тіркеу жаңа жылда Университет сайтында ашылады.

2011 жылы Назарбаев Университетіне 4247 талапкер тіркелді, олардың 501 Университет студенттері атанып, ағымдағы жылдың күзінде оқуларын бастады. 2012 жылда Назарбаев Университетінің Foundation бағдарламасында оқуға Қазақстанда тағы 500 мемлекеттік грант бөлінуде, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар